KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

ШҚО ғалымы теңдесі жоқ әдістеме ойлап тапты

14.02.2023, 18:01 328 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО ғалымы кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардың сөйлеуін дамытатын әдістеме ойлап тапты.

Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кетейік, жас ғалым авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтар тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік алды.

Жобаны дайындау кезінде тікелей ғылыми кеңесші болған педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті Кульчария Коккозева.

«Кохлеарлы импланты бар мектеп жасына дейінгі қазақ тілді балалардағы дауыстың интонациялық құрылымдарын зерттеу» атты ғылыми жоба 2018 жылы басталған. Бүгінгі таңда 86 балаға зерттеу жүргізілді. Олардың жетеуі дыбыстар мен сөйлеуді қабылдау, дыбысқа еліктеу, сөз тіркестері және қарапайым сөйлемдер атты төрт кезеңнен тұратын қайта оңалтудан өтуде. Жоба авторының айтуынша, әдістеме үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған.

Рауан Байчинов осы әдіспен екі жылдан бері оқытылып жүрген балалардың бірі бүгінде сөйлем құрап, сөйлеп жүргенін айтады. Тағы біреуі кохлеарлы имплант қойғалы  дыбыстар мен дауысқа елеңдемейтін болған. Бірақ екі ай бойы арнайы әдістемемен үйретілген бала дыбыстарды жақсы қабылдап, жақсы ести бастаған. Дегенмен, ол әлі қайта оңалтудың үш кезеңінен өту тиіс.

Қазіргі күні бұл әдістемені ШҚО Білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» КММ, «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымы және университет базасында ашылған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлері қолдануда.

Жоба Amanzholov University-де дефектология мамандығында оқитын студенттерге арналған «Кохлеарлық импланттан кейінгі балаларда есту-сөйлеуді оңалту» пәні бойынша дәріс материалына енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив