Ветеринар мамандардың айлығына 35 пайыз үстемақы қосылады
Биыл биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринария мамандарының еңбекақысына 35 пайыз үстемеақы қосылады.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ветеринариялық мамандардың жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50,3 пайызға өскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оның атап өтуінше, заңнамалық деңгейде патогенділігі 1 және 2-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринариялық мамандарға және мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің көмекші персоналына еңбекақыға қосымша ақы және кем дегенде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігіне бағытталған бірқатар нормалар қабылданған.