KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

Қыркүйектен бастап мұғалімдер мен директорлар үстемақы ала алады

19.05.2020, 08:46 151

Педагогтар үстемеақы алуы үшін жаз айларының ішінде аттестаттау рәсімін бітуі тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Қазақапарт сайты.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Сондай-ақ, министр бұған дейін балабақша, колледж педагогтері, директорлар мен олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтпегенін және үстемақы алмағанын атап өтті.

«Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келді. Мысалы, колледж педагогтары аттестаттаудан өтеді. Бірақ, алған санатына тиісті үстемақы берілмейтін. Мектеп мұғалімдері үстемеақы алады, ал колледж мұғалімдері алмайтын. Балабақша бойынша да осы мәселені әріптестеріміз қанша жылдан бері көтеріп келді. Директорлар мен олардың орынбасарлары туралы тіпті айтудың да керегі жоқ. Олар аттестаттаудан өтпейтін және өтсе де үстемеақы алмайтын. Енді директор мен оның орынбасарлары аттестаттаудан өтіп, нәтижесінде 30-дан 100 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алу мүмкіндігіне ие болады. Балабақша, мектеп, колледж педагогтарына 30-дан 50 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл қаңтар айынан бастап қосылған 25 пайыз жалақыға қосымша төленеді», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу