KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Жыл басында қандай өнімдер қымбаттады?

7.02.2023, 12:21 336 Оразай Жеңісұлы

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2023 жылдың басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміндегі қай өнімдер айтарлықтай қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

"Тауарлар бойынша, жыл басынан бері бағасы едәуір өскен пияз - 22,5 пайыз, күріш - 5,2 пайыз, қырыққабат - 4,1 пайыз, сүт пен сәбіз - 3,1 пайыз, картоп - 3 пайыз, кеспе - 2, 6 пайыз болды", - деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылғы қаңтарда инфляция 1,1 пайыз болған, оның ішінде азық-түлік - 1,4 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9 пайыз, ақылы қызметтер - 0,7 пайыз.

"Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шымкентте - 2,2 пайыз, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарында - 1,8 пайыз, Ақтөбе облысында - 1,7 пайыз, Ұлытау облысында - 1,5 пайыз болды", - деп толықтырды Премьер-министрдің орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу