KZ
Өскемен
+1°
снег жел 7 м/с, Ю
509.94 593.88 6.43

Өскемен: полиция қоғамдық көліктерді тексереді

22.02.2023, 10:16 371 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде 20 ақпанда «Қауіпсіз жол» жедел шарасы басталды. Іс-шара 24 ақпанға дейін жалғасады.

Полиция қызметкерлері осы уақыт аралығында қаладағы қоғамдық көліктерді де тексереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жалпы іс-шараның мақсаты жол апаттарының алдын-алу, қауіпсіздікті арттыру және қозғалыс ережелерінің сақталуын қадағалау.

Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері іс-шара аясында автобустардың техникалық жағдайын, жабдықтардың түгелдігін, құжаттаманың дұрыс-бұрыстығын, техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген нормалардың сақталуын қадағалайды. Сондай-ақ олар облыстық экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп соңғы автобус аялдамаларында рейд жүргізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу