Өскемендік полицейлер автобустарды қатаң бақылауға алады
Өскемендік полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін қадағалайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлері 15-17 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізбек.
– Тәртіп сақшылары жол ережелерінің қатаң сақталуын бақылап, қоғамдық көліктердің техникалық ақуалы мен тиісті құжаттарын тексереді, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Полицияның деректеріне сәйкес, жыл басталысымен қаладағы қоғамдық көліктер 7 мәрте жол-көлік оқиғасына тап болған. Соның салдарынан бір адам қаза туып, екі адам зардап шекті.
Оқи отырыңыз