KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жолаушылар тасымалын субсидиялау қалай жүзеге асып жатыр?

шартты сурет

23.02.2023, 21:08 394 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі жолаушылар тасымалын субсидиялау туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Жолаушылар тасымалын субсидиялауға келетін болсақ, біз бұл тәжірибені 150 әлеуметтік маңызы бар автобус бағыты бойынша жалғастырамыз. Басымдыққа Риддердегі қалаішілік автобус қатынасы ие. Біз сол жерге қоғамдық көлікті сатып алып, мәселені жабамыз. Өңірде теміржол және әуе көлігі де жұмыс істейді, аптасына үш рет облыс орталығынан Зайсанға ұшақтар ұшады, – деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін облыс әкімі Достық Үйлерінің жұмысын қайта құру туралы айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу