Қызметкерді барынша қорғау керек – Amanat бағдарламасы
«AMANAT» партиясының кандидаттары Глубокое ауданының Черемшанка ауылында орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде партиялық бағдарламаның ауыл өмірін ыңғайлы етуге қатысты басымдықтары туралы айтылды.
Мәселен, «Amanat» 2027 жылға дейін ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға бір триллион теңге бөлуге күш салады. Алдағы жылдары ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешіледі. Ауыл тұрғындары мектептен бастап білікті медициналық көмекке дейін сапалы, заманауи әлеуметтік қызметтерді пайдалануға тиіс.
Сондай-ақ, аманаттықтар, лайықты өмір мен еңбек жағдайына қатысты сөз қозғады. Партия мемлекет пен қоғам тарапынан жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді. Еңбекті қорғау жөніндегі ең төменгі стандарттар жетілдіріп, жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін анықтау тәртібін қайта қарастырады.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді