KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Шегірткемен күреске 3,8 млрд теңге бөлінді

5.04.2023, 11:30 217 Оразай Жеңісұлы

Биыл үйірлі шегірткеге қарсы күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

Мамандар шегіртке 1,6 миллион гектар аумаққа таралуы мүмкін деп болжапты. Енді 385,3 мың гектар алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптасатын көрінеді.

Сондай-ақ, АШМ-ның ақпаратына сенсек, әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілген.

Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жерүсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болыпты.

Бүгінде Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталып, аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілген. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отырған көрінеді.

«Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісілді», деп мәлімдеді АШМ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив