Риддердегі ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүріп жатыр
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
Министр БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, облыс басшылығының нысанды коммуналдық меншікке алынуына әбден мүдделі екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Өйткені әкімдік жаңа меншік иесінің менеджмент сапасына күмәнмен қарап отыр. Қазіргі кезеңде әкімдік жаңа меншік иесімен біздің қолдауымыз арқылы жылу нысанының активін коммуналдық меншікке беру туралы дұрыс бағытта келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ, екінші жағынан, ол жерде көптеген заң бұзу фактілері бар екенін түсініп отырмыз. Стансаны осы күйге жеткізген басшылардың жауапкершілік мәселесі бар. Ол стансаны келесі жылыту маусымына даярлау жұмыстары осы тұрғыдан жүріп жатыр», – деді энергетика министрі.
Оқи отырыңыз