Азаптау туралы хабарлау үшін QR код әзірленді – ШҚО
ШҚО-да азаптау туралы хабарлау рәсімін жеңілдету мақсатында QR-код әзірледі.
Бұл туралы ШҚО прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс прокуратурасының ресми парақшаларында азаптау фактілеріне дереу ден қою үшін облыстың қалалары мен аудандарының кезекші прокурорларының байланыс нөмірлері жарияланған болатын.
Қызметті одан әрі жандандыру шеңберінде азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі мобильді топ құрылды, оған облыс прокуратурасының, ШҚО полиция департаменті, жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері, ұлттық превентивтік тетігінің мүшелері енгізілді.
Сондай-ақ облыс прокуратурасы азаптау туралы хабарлау рәсімін жеңілдету мақсатында QR-код әзірледі, ол ұялы телефон арқылы кезекші прокурорлармен және мобильді топ мүшелерімен жедел байланысуға мүмкіндік береді.
Мобильді топ туралы ақпарат және QR-код облыстың полиция бөлімдерінің барлық ғимараттарында орналастырылған.