KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

Әлеуметтік азық-түлік бағасы бір жылда 10,7 пайызға өсті

шартты сурет

28.04.2023, 17:30 293 Оразай Жеңісұлы

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға өсті.

Ал жылдық мәнде өсім 10,7%-ға тең, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі тауар кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 25 сәуір/:

айран 2,5% – 399 тг/л;

қант – 442 тг/кг;

рожки – 315 тг/кг.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив