KZ
Өскемен
-4°
снег жел 6 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

Азық-түлік бір жылда 11,8%-ға қымбаттады

шартты сурет

14.04.2023, 15:52 537 Оразай Жеңісұлы

Елімізде азық-түлік бір жылда 11,8%-ға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

«Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгермеді. Ал жылдық мәнде 11,8%-ға өсті», делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

қарақұмық – 434 тг/кг;

пияз – 178 тг/кг;

тауық еті – 1 235 тг/кг.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу