KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы өзгерді – Статистер

9.08.2019, 05:15 249

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Статистердің сөзіне сенсек, жыл басынан бері пияз - 98 пайызға, сәбіз - 58 пайызға, картоп - 34 пайызға және күріш - 22 пайызға қымбаттаған.  Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының орташа өсімі жыл басынан бері 8 пайызды құраған. Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен ұннан жасалған нан өнімдері, оған қоса тауық еті, сиыр еті, сары май және кеспе өнімдері бар. 

Керісінше бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Жұмыртқа - 10 пайызға, ақбас қырыққабат - 8,6 пайызға, қант - 3,5 пайызға және сүзбе 3 пайызға арзандаған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу