KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Қазақстанда картоп 3,4%, сәбіз 4,5%, пияз 5,8%, қырыққабат 7,7%, қант 7,9%-ға қымбаттады

18.11.2019, 06:27 543

Елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10% қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2019 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7% өскен. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

– Қазан айынан бастап 12 қарашадағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, жыл басынан 9,7% өсті. Бұл ретте егін жинау маусымына қарамастан бірнеше тауар бағасы он шақты процентке өсу байқалды. Қазан мен қараша аралығында келесі тауарлар бойынша баға төмендеді: күнбағыс майы – 0,4%, картоп – 3,4%, сәбіз – 4,5%, пияз – 5,8%, қырыққабат – 7,7%, қант – 7,9%. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының максималды өсуі Атырау облысында – 13,5%, Павлодар облысында – 12%, Нұр-Сұлтан қаласында – 11,8%, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында 11,4% байқалды, – деді Б.Сұлтанов.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу