KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Алтай ауданында патриоттық акция өтті

8.05.2023, 16:29 275 Ләззат Қанатқызы

Алтай қаласында "Жастар - жердің қорғаны, мемлекеттің берік тірегі" атты патриоттық акция өтті.

Аталмыш шараға №8 орта мектеп оқушыларымен сарбаздар қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Алтай ауданының әкімі Ернар Мұстафин қаланың орталық алаңында полиция және қорғаныс істері бөлімінің қызметкерлеріне мінсіз қызметі және ауданның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін, қызметтік борышын кәсіби және лайықты орындағаны үшін, сүйікті ісіне адалдығы үшін алғыс хаттар табыс етті", дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала оқушылары, "Жас Ұлан" және "Қайсар" облыстық әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу үздіктері, аудандық, облыстық және халықаралық зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары, облыстық IT-фестивальдің жеңімпаздарының қатысуымен алаңда салтанатты шеру өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив