KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, З
499.22 519.14 5.64

Шығыс Қазақстанның картасы жаңартылды

көрнекі сурет

21.05.2023, 16:44 350 Оразай Жеңісұлы

Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жаңа әкімшілік-саяси картаны таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 «Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 миллион масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды», – деді министр.

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы мен алты облыстың картасын жасауға, облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 миллион теңге жұмсалған. Соның ішінде Қазақстан картасының өзіне 10 миллион теңге кеткен көрінеді.

«Жалпы республикалық бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалды», – деп жауап берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу