KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

Қазақстандықтар 5G байланысын пайдалану үшін бір-бір жаңа смартфон сатып алуы керек

19.07.2019, 11:45 593

Қазақстандықтар 5G байланысын пайдалану үшін бір-бір жаңа смартфон сатып алуы керек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысында 5G бойынша пилоттық жобалар жүргізілуде. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан 4G –ді де  алғашқы болып енгізгендердің бірі болған. Енді міне, бүгін 5G-ді алғаш бастағандардың бірі болып отырмыз, – деген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов 5G байланысын пайдалануға кез-келген смартфон қабілетті  емес екенін де еске салды.

– Сондай-ақ 5G-ді қолдайтын телефондар қажет. Мен жақында Қытайда үлкен бір конференцияда болдым. Сапар барысында әуежайда отырып, 5G WI-FI-ына   қосыла алмадым. «Кешіріңіз, телефоныңыз 5G функциясын қолдамайды» деп шықты, – деді Вице-министр.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу