KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Шартты сурет

22.05.2023, 10:28 315 Ләззат Қанатқызы

26 мамыр күні сағат 17.00-де облыс орталығындағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат облысымыздың үздік заңгерлерінен, мемлекеттік мекемелердің басшыларынан қажетті консультация ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Атап айтқанда, жергілікті тұрғындардың белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқаларынан тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар.

Аталмыш акцияны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр.

Айта кету керек, «Халық заңгері» акциясы бірнеше жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7 мыңнан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 мыңнан астам азамат консультация алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив