KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Семейліктерге тегін құқықтық кеңес беріледі

20.11.2019, 09:02 197

Семейліктерге тегін құқықтық кеңес беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

22 қараша күні "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Шаһар тұрғындары мен меймандары ең үздік мамандардан тегін кеңес ала алады. Олар белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер,  көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасы және мемлекеттік органдардың басшылары. Аталмыш шараны zakon.kz желілік басылымы , ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және "Параграф" ақпараттық жүйесі ұйымдастырып отыр.

Акцияға қатысқыңыз келсе, 22 қараша, сағат 17:00-де Абай көшесі, 94, мекенжайы бойынша орналасқан Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ғимаратына келіңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу