KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Түркия үкіметі Семей орманшыларының қазасына байланысты көңіл айтты

Фото: Анадолы агенттігі

12.06.2023, 09:56 175 Ләззат Қанатқызы

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Абай облысындағы орман өртінен адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

8 маусым күні "Семей орманы" қорығында өрт шықты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалын өрши түсті. Алапат өрттің ауқымына байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Абай ауданында болған өрт салдарынан 14 орманшының қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық, дос және бауырлас Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз", - делінген.

Президент Қ.Тоқаев бұған дейін Юрий Ильинді төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатып, қайғылы оқиғаға байланысты ведомстволардың әрекетін сынаған болатын. 11 маусымда оқиға орнына келген Тоқаев қаза болғандардың отбасымен кездесіп, көңіл айтты.

"Семей орманы" қорығындағы өртті сөндіру кезінде 14 адамның қаза болуына байланысты 12 маусым Қазақстанда қаралы күн деп жарияланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу