ШҚО-да із-түссіз жоғалған жеткіншектің денесі табылды
Фото: ok.ru
Шығыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы жеткіншек өлі табылды.
Оқиғаның мән-жайы айтылмады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
LIDER.KZ еріктілерінің Instagram желісіндегі парақшасында көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, 2008 жылы туған Нығматуллин Рамиль Валентинович 2 маусымда жоғалып кеткен. Убинка ауылындағы (Шемонаиха ауданы) үйінен шығып, Уба өзеніне қарай бет алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені туралы ақпарат болмаған. 10 маусымда жеткіншектің қайтыс болғаны белгілі болды.
Оқи отырыңыз