KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда металл рудалары мен көмір өндіру азайды

Фото: gov.kz

13.06.2023, 12:30 214

Қазақстанда металл рудалары мен көмір өндіру азайып, мұнай мен газ өндіру көлемі артқан.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл Қазақстан экономикасы өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 4,5 пайызға өскен. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,6%, қызмет көрсету саласында 4,9% құрады.

- Өнеркәсіптің барлық негізгі салаларында оң динамика байқалады, құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және коммуникация салаларында ең жоғары өсім байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 17,2%-ды құрады. Инвестиция ағыны көлік пен қойма шаруашылығында - 56,1%-ға, ауыл шаруашылығында – 30,8%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 3%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте – 15,7%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,4%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 2,8%-ға өсті", - деп қосты ол.

Өсім тамақ өндірісі, мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, сусындар, пластмасса бұйымдары және жеңіл өнеркәсіп салаларында тіркелді.

- Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,3%-ға өсті. Бұл ретте мұнай өндіру - 2,4%-ға, газ өндіру - 1,3%-ға, басқа пайдалы қазбаларды өндіру 20%-ға өсті. Металл кенін өндіру 0,5%-ға, тау-кен өнеркәсібіндегі қызмет көрсету – 7,3%-ға, көмір өндіру – 8,5%-ға өсті, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу