KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Сурет: inform.kz

3.07.2023, 14:10 320 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды.

2023 жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша ел халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Елімізде қала халқына жататын азаматтар екі есе дерлік көп – 12 209 896 адам, ауыл тұрғындарының саны 7 556 911. 2023 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.

Еліміздегі тұрғындар ең көп қоныстанған өңір – Алматы қаласы. Халық саны бойынша мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы – 1 505 896 адам.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 354 556 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 218 158 адам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив