Президент: 20 жылдан бері бірде-бір ірі экономикалық жоба жүзеге аспады

Фото: mail.kz
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшысы кеңесінің отырысына қатысты.
"Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы", – деді Президент.
Оқи отырыңыз