KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Президент студенттердің стипендиясын көбейтуге бұйрық берді

10.12.2019, 09:44 549

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен жаңа жылдан бастап студенттердің стипендиясы 25 пайыз өседі.

«Студенттердің шәкіртақысын көбейту – өзекті мәселе. Бұл 2016 жылдан бері назардан тыс қалып келді. Сол себепті 1 қаңтардан бастап бакалавр, магистрант, доктаранттардың шәкіртақысын 25 пайыз көбейтуге шешім шығардым», – деді Президент.

Президент сөзінше, жаңа жылда 130 мыңдай студенттің шәкіртақысы өседі.

«Естеріңізде болса, колледждерде кәсіптік мамандықта оқитын студенттердің стипендиясын 1 қаңтарда 30 пайыз өсіргенбіз. Енді менің тапсырмам бойынша орта білім алып жатқан колледж студенттерінің шәкіртақысы 25 пайыз көбейтіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу