KZ
Өскемен
-11°
ясно жел 2 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Биыл ІТ саласының гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін

Фото: qazaquni.kz

10.07.2023, 18:05 411

Биыл ІТ саласының 3 бағыттағы гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін.

Биыл ҰБТ-да пәндер комбинациясы бойынша математика мен физика көш басында тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Себебі техникалық мамандықтарға грант өте көп бөлінген.

– Екінші орында «биология-химия» комбинациясы тұр. Негізінен, бұлар – медициналық мамандықтарды таңдағандар. Сондай-ақ үшінші орында шығармашылық комбинация таңдағандар тұр. Шығармашылық мамандыққа түсетіндер ҰБТ-да екі пәннен ғана тест тапсырады. Ал өздерінің бейінді пәндерінен түсетін оқу орнында тест тапсырады. Биыл абитуриенттердің 10 пайызы «математика-информатика» комбинациясын таңдады. Бұл комбинация бұрын болмағанның өзінде 16 мыңдай талапкер таңдаған, – деді ол.

Математика-информатика комбинациясын таңдаған талапкерлер биыл үш бағыт бойынша ғана грантқа таласа алады. Олар: ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және информатика пәнінің мұғалімі. 2023 жылға дейін талапкерлер ІТ саласына «математика-физика» комбинациясы бойынша тест тапсырып түсетін. Енді «математика-информатика» комбинациясын таңдаған 16 мың бала болашағын ІТ саласымен байланыстырып отыр деген сөз, – деді орталық директоры.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу