Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі неде?
20 маусым мен 5 шілде аралығында бірыңғай ұлттық тестілеу өтеді. Бұл мемлекеттік грант ұту үшін тапсыратын тест мерзімі. ҰБТ-2019-дың ерекшелігі мен өзгешелігі жайлы аз-кем Алтайньюс тілшісі хабарлайды.
Талапкерлер енді оқу орнын және оқу бағдарламаларын таңдай алады. Ал грант талапкерлер таңдаған оқу орындарына бөлінеді. Қазіргі уақытта 176 мамандық бойынша 97 бағдарлама тобы бар. Бағдарламалар тобы жазылған парақша талапкерге ҰБТ сертификатымен бірге беріледі. Болашақ-студент өзіне қажетті топта қандай бағдарламалар барын және бағдарламалардың қай оқу орындарына екенін біле алады.
Мәселен, Химия пәнінің мұғалімі мамандығын оқу үшін «Химия» және «Химия-Биология» тобын таңдауға болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, IELTS, TOEFL сертификаты бар талапкерлер шет тілі пәнін тапсырмайды. Сонымен қатар техникалық және кәсіби білім беру оқу орнына ақылы түсу кезінде талапкер тесттен босатылады.
Пән таңдау акезінде бірге жүретін комбинациялық пәндер:
1. Математика пәні мен Физика.
2. Математика пәні мен География.
3. Биология пәні мен Химия.
4. Биология пәні мен География.
5. Шет тілі пәні мен Дүниежүзі тарихы.
6. География пәні мен шет тілі.
7. Дүниежүзі тарихы пәні мен Адам. Қоғам. Заң.
8. Дүниежүзі тарихы пәні мен География.
9. Қазақ тілі: Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті.
10. Химия пәні мен Физика.