Өскемен: полиция мал ұрлығының алдын алады
Полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алып, бұрынғы қылмыстардың бетін ашуға кірісті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– 13-16 қыркүйек аралығында Өскемен қаласы аумағында мал ұрлығының алдын алу, қылмыстың бетін ашу, ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Барымта» жедел шарасы жүргізіледі, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары малды қараусыз қалдырған қожайындарды да жауапқа тартады.
«Мал иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп жазылған хабарламада.