Қазақстанға еңбек мигранттары көбіне қай елдерден келеді?
2023 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетел азаматы еңбек етеді.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 598 және 833 адам", – делінген хабарламада.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 729 адам (25%), Өзбекстан – 1 967 адам (13%), Үндістан – 1 461 адам (10%), Түркия – 1 454 адам (10%).