KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Елімізде тағы бір санаттағы тұрғындарға вакцина тегін болады

2.05.2021, 08:46 147
Қазақстанда үш айдан аса уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары вакцинаны тегін салдырады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.
Министр қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін де, тұруға ықтиярхаты бар және ел аумағында тұрақты тұратын азаматтар үшін де вакцинация тегін жүргізіліп жатқанын еске салды.

"Кеше ғана ВАК-тың коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі отырысында 3 айдан аса уақыт елде болған шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да еліміздің ұжымдық иммунитетін қамтамасыз ету үшін тегін егіледі деген шешім қабылданды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

30 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1,184 миллион адам екпе салдырған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу