ШҚО-да дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ
Облыс әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңес барысында дәрігерлерге арналған жатақхана салу туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта өңірдегі басты проблемалардың бірі – маман жетіспеушілігі болып отыр. Мәселен, тек облыс орталығында 100-ден астам дәрігер жетіспейді.
Тағы осындай мәселе Риддер, Алтай қалалары мен Глубокое ауданында да байқалады. Сондықтан медициналық оқу орындарының 91 түлегі облыс ауруханаларына таратылуда.
- Өскеменде медицина қызметкерлеріне арналған 120 орындық жатақхананың құрылысын бастау керек. Бұл жұмысты қалалар мен аудандарда да қолға алған жөн. Дәрігерлер үшін екі қабатты үйлер салу жоспарын әзірлеу - бірінші кезектегі міндет, - деді аймақ басшысы.
Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 30-ға жуық маман биыл Өскемендегі ауруханаларға жұмысқа орналсатын көрінеді.