KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да жүргізушіден 20 келі марихуана тәркіленді

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

3.08.2023, 17:55 190 Оразай Жеңісұлы

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары Өскемен-Риддер тасжолында 37 жастағы ер адам тізгіндеген «Лада приора» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушіден 20 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Жедел тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі өткір иісті өсімдік тектес зат салынған 20 полиэтилен бума тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты», делінген ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Кейін жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, 20 келіден астам марихуана салынған 2 фляга табылды.

«Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив