KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Үйінен марихуана табылды - ШҚО

16.08.2021, 10:38 225

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының тұрғыны үйінде 1 келіден астам марихуана сақтаған. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу шарасы барысында үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған ер адамды ұстады.

«Аудандық полиция бөліміне хабарласқан азамат өз сөзінде 42 жастағы қала тұрғынының үйінде есірткі заттарын сақтауы мүмкін екендігін жеткізді. Ақпаратты тексеру үшін полицейлер сол жерге барып, тінту жүргізген. Көп ұзамай үйден өткір иісі бар, өсімдік тектес зат салынған полимерлі пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 1 231, 52 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» болып шықты», - делінген хабарламада. 

42 жастағы қала ұрғыны марихуананы Садовое ауылының шетінде жеке пайдалану үшін жұлып алғанын айтты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив