KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Биыл 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Фото: qarmaqshy-tany.kz

8.08.2023, 10:38 202 Оразай Жеңісұлы

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 597 кәсіпорны 18,2 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 657 нұсқама беріліп, 87,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу