Кәсіпорындардың жалақы бойынша берешегі 230 миллионнан асады – ШҚО
ШҚО-да кәсіпорындардың жыл басынан бергі жалақы бойынша берешегі 670 миллион теңгеден асқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 1 қаңтардан бастап облыстың 78 кәсіпорнында мыңнан астам қызметкердің жалақысы төленбегені анықталды. Оның жалпы сомасы 670 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта 75 кәсіпорын 440 миллион теңге сомадағы қарызды өтеді. Тек үш кәсіпорынның 230 миллионнан астам берешегі бар, - дейді Бақытбек Қизатов.
Оның айтуынша, еңбек инспекциясы төрт кәсіпорнында, атап айтқанда, "Кэмонт" АҚ, "ШығысСтройГрупп" ЖШС, "Востокшахтострой" АҚ, "Дейнека" ЖШС-не мониторинг жүргізбек. Қазір аталған ұйымдардағы қарыздың жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асады.
Оқи отырыңыз