KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Мектепке дайындық: отбасыларға көмек ретіндегі қаражат айдың соңына дейін аударылады

Фото: qazaqpress.kz

14.08.2023, 23:08 169

Биыл тамыз айының соңына дейін 460 мыңға жуық оқушыны мектеп формасымен, кеңсе заттарымен қамтамасыз ету бағытында отбасыларға көмек беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

  "Жыл сайын ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар 100% мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылдан бастап материалдық көмек көрсету мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін ата-аналардың карта-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бұл тәсіл әр балаға көмек көрсету қаражатының көлемін реттеді (ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес, 2023 жылы - 40 567 теңге)", делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құраса, оның ішінде киіммен, аяқ киіммен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етуге 18 млрд теңге бөлінді.

  "Бұл қаражатқа 458 299 оқушыға материалдық көмек беру жоспарланған. 2023 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша өңірлер 313 150 баланы (68,3%) қамти отырып, ата-аналар шотындағы картаға 12 млрд теңгеден астам қаржы аударған. Биылғы тамыз айының соңына дейін өңірлерде жергілікті бюджеттен ата-аналардың шоттарына 100% қаражат аудару ескерілген", деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив