Өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетілді?
Абай облысының әкімдігі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрттері салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
◾️Әр отбасы 7 млн теңгеден алады, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру кіреді.
◾️Сонымен қатар қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.
◾️Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы С.Н.Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды.
Қаза тапқандардың туыстары мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.