Egov порталы уақытша жұмыс істемейді
Фото: Twitter
Бүгін елімізде Egov порталы жұмыс істемей қалды.
Сайттың нақты қай уақытта іске қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Портал қазір қолжетімсіз, біз оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" – делінген порталдың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін несие алуға өзіне тыйым сала алатыны туралы жазған болатынбыз. Ол үшін еGov mobile мобильдік қосымшасында және eGov.kz порталында несие алудан ерікті түрде бас тартатындығы жөнінде өтініш қалдыру керек.
Оқи отырыңыз