KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-ның шалғайдағы қос ауылы сандық теледидарға қосылады

шартты сурет

20.11.2023, 16:45 578 Оразай Жеңісұлы

Тарбағатай ауданындағы Жаңаауыл және Жаңаталап ауылдарының тұрғындары 22 қарашада сандық теледидар жүйесіне қосылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ-ның облыстық филиалы ұсынған деректерге сүйенсек, цифрлық телехабар тарату Жаңаауыл және Жаңаталап станцияларының базасында тестілік режимде жүзеге асады. Сондай-ақ арналарды Сарыөлең ауылының тұрғындары да көре алады.

«Енді бұл абоненттер бірден «QAZAQSTAN», «Хабар HD», «Хабар 24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА», «Kazakh TV», «ABAI TV», «Еуразия бірінші арнасы», «ALTAI», «QAZSPORT HD» және «МИР» секілді 13 цифрлық телеарнаға қосылады», - деп мәлімдеді «Қазтелерадио» АҚ.

Сандық теледидардың аналогтық сигналдан басты айырмашылығы – кедергіге төзімділігі. Сандық жүйенің сигналы тіпті ең шалғай елді мекендерге қаз-қалпында жетеді.

Цифрлық теледидарға қосылудың тәсілдері туралы толық ақпаратты Call-орталықтан алуға болады: 8(727)258-15-00, 8707-258-15-00. Сондай-ақ тікелей «Қазтелерадио» АҚ ШҚО филиалына қоңырау шалуға болады: 8(7232)-77-77-39, 8(777)-064-1476.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив