ШҚО-да отохируг сегіз балаға сәтті ота жасады
Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы үнемі шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасып, мастер кластерге қатысып келеді.
Кезекті мастер класты Ресейлік жетекші отохируг дәрігер Диаб Хасан Мохамад Әли өтікізіп, 8 балаға сәтті ота жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Естеріңізде болса, мамыр айында медицина ғылымдарының докторы, профессор Диаб Хасан Мохамад Али шығысқазақстандық әріптестеріне кохлеарлық имплантация бойынша шеберлік сыныптарын өткізіп, 26-27 мамырда 14 кішкентай науқасқа операция жасаған болатын. Облыстық Ана мен бала орталығына қайта оралған дәрігер ота жасалған сегіз баланың әрқайсысына екінші кохлеарлық имплант орнату операциясын жасады. Нәтижесінде балалар екі құлағымен де есту мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетсек, бұл ота балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде жасалған.