Ашық есік күнін 500-ден астам медициналық мекеме өткізеді
Фото: egemen.kz
Бүгін балалар мерекесінде 500-ден астам медициналық ұйым – бұл емханалар, балалар ауруханалары, оңалту орталықтары және балалар үйлері бейінді мамандарды, жетекші сарапшылар мен ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, ашық есік күндерін өткізеді.
Балаларды қорғау күнінде еліміздің барлық өңірінде жас пациенттерге арналған түрлі іс-шаралар өтеді. Еліміздің медициналық ұйымдарында суреттер, оқырмандар конкурстары, топтық арт-терапия, балалар ертеңгіліктері, концерттер жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымда босандыру ұйымдарында туған балаларды құттықтау ұйымдастырылады.
Сонымен бірге Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында мүгедектігі бар балаларды үйде құттықтау жоспарлануда.
«Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ-да ҰБОО мектебінің оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау» салтанаты өтеді.
ҚР ДСМ «Бурабай» санаторийінде, Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-да мерекелік концерт, көңілді старттар, асфальттағы суреттер байқауы жоспарлануда, қонақтар мен қатысушыларға мерекелік және естелік сыйлықтар көзделген.
«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ мерекелік концерт өткізеді, пациенттердің суреттері мен қолөнерінің көрмесі, жыл сайынғы асфальтта сурет салу байқауы, кескіндеме бойынша мастер-класс ұйымдастырылады.
«University Medical Center» КҚ балаларға сыйлықтар тапсыру және балаларды тексеру үшін Астана қаласының мамандандырылған балалар үйіне бару жоспарлануда.
Сондай-ақ мереке қарсаңында Ресейдің жетекші отохирургы, м. ғ. д., профессор Диаб Хассан Шығыс Қазақстандағы Ана мен бала орталығында мастер-класс өткізіп, кохлеарлық имплантаттау бойынша 14 операция жасады.