KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Биыл 1,7 миллиард теңгеге 20 фильм қаржыландырылды - Мәжіліс депутаты

26.11.2023, 16:25 155 Назерке Каримова
5 фильмді «Қазақфильм» киностудиясы, 15 фильмді жеке кинокомпаниялар жүзеге асыруда.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Президент сайлауының өткеніне де тура бір жыл болғанын айтты,  деп хабарлайды Altaynews тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

- «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламада кезең-кезеңімен іске асыру үшін нақты шаралар белгіленген. Бағдарламадағы басым бағыттардың бірі – мәдениет саясаты. Креативті индустрияны, рухани жобаларды жүзеге асыруда Үкіметтің алдына нақты міндеттер жүктеген. Таратып айтсақ, биыл өндірісте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы жалпы бюджеті  1,7 млрд теңгені құрайтын 20 фильм қаржыландырылды.

Оның ішінде 5 фильмді «Қазақфильм» киностудиясы, 15 фильмді жеке кинокомпаниялар жүзеге асыруда", – дейді Жанарбек Әшімжан.

Ол бүгінде аталған киножобалардың ішінен 9 фильм аяқталғанын жеткізді. Яғни, 6 көркем фильм (“Бүркіт”, “Қара қыз”, “Айқай”, “Талақ”, “Тезек”, “Жел тоқтаған жер”), 3 деректі фильм көрермен назарына ұсынылды.

Қалған 11 киножоба өндірісте.

- Балаларға арналған анимациялық контентті  арттыру мақсатында биыл «Қазақфильм» киностудиясы жанынан құрылған «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жемісті жұмыс істей бастады. Бірлестікке 500 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 10 анимациялық жоба жарыққа шықпақ. Ал «Алтын адам» және «Ерекетай» атты толық метражды анимациялық киножобалар көрермен көзайымы болары сөзсіз. Мемлекет тарапынан қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетті арттыруға, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған тарихи фильмдер жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл. Жаңа Дәуір», ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Соңғы үкім» көркем фильмдерінің өндірісі аяқталды. Аталған фильмдерді кинопрокатқа шығару 2024 жылға жоспарланған", – деген халық қалаулысы. 

Депутат қазақ тіліндегі контентке сұраныс еселеп артқандықтан, шетелдік блокбастерларды қазақ тіліне дубляждау бойынша тікелей мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар  еліміздің аумағында кино түсіру арқылы инвестицияларды тарту мақсатында шетелдік кинокомпанияларға субсидия төлеу механизмі қарастырылған. Яғни, шетелдік кинокомпания өз фильмін еліміздің аумағында түсірген болса, шетелдік компанияның Қазақстанда фильмді түсіруге шыққан шығынының 30 пайызын қайтарып алуға мүмкіндігі бар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив