Жаңа аудандар туралы жарлық Ашық НҚА порталында жарияланды
Фото: Мерей Қайнарұлы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұған дейін елімізде екі облыс қайта құрылып, бірнеше аудандар қайта бөлінген болатын.
Алдағы жылы ШҚО-да тағы екі аудан қайта құрылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аудандарды қайта құру туралы Президент жарлығы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандардың құрылуын көздейтін Президент Жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Жарлыққа орай ШҚО-дағы Күршім ауданының құрамынан Марқакөл ауданы бөлінсе, Катонқарағай ауданының құрамынан Үлкен Нарын ауданы бөлініп, жеке аудан статусына ие болды.
Президент жарлығына орай көрші Абай облысында да бірнеше жаңа аудан құрылмақ. Жаңа аудандар арқылы еліміз шекараны шегендеп, ел іргесін бүтіндей түспек.