ШҚО-да жер үйде өрт шықты: адам шығыны бар
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жер үйде өрт тұтанып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға 30 қарашада Алтай қаласындағы Абай көшесінде болғанын мәлімдеді.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Жалын шарпыған үйден 58 жастағы адамның денесі табылды», - деп жазылған ақпаратта.
Өрт сөндіруге 7 қызметкер күш салды, 2 техника қозғалды.