KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1,3 м/с, В
480.11 532.25 5.14

2025 жылы өңір халқы таза ауызсумен түгел қамтылады - ШҚО

20.12.2023, 12:00 214 Оразай Жеңісұлы

Өңірде 356 ауыл бар. Бүгінде 334 елді мекеннің тұрғыны таза ауызсу тұтынып отыр.

Ал 2025 жылы өңір халқы таза ауызсумен түгел қамтылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Облыс орталығының Бабкина Мельница, Сол жағалау, Пристань, Үлбі, Гавань, Аблакет және Промбаза сынды шеткі аудандарының сумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды. Орталықтандырылған су жүйесіне 363 үй қосылған. Мұнда, жалпы алғанда, 1271 адам тұрады, – деді Өскеменде халықпен кездесу өткізіп жатқан өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Келер жылы облыс орталығының құрамына кіретін Комсомольский кентінің сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және Халықтар достығы көшесіне су құбырын тарту жоспарда бар. Аймақ басшысы құрылыс сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив