Маралды ауылы таза ауызсумен қамтылады - Күршім
![](/kz/uploads/posts/iblock/b5e/b5e50622570ddca53101b1a6fc7c7b9e.jpg)
Бүгінде Күршім ауданында барлығы 44 елді мекен бар. Аудан әкімі Дулат Қажановтың айтуынша, оның ішінде 39 ауыл (88%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
- Кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша бес жыл ішінде 3,5 млрд. теңге игеріліп, аудан бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,7 % -ға жетеді, - дейді аудан әкімі.
Сонымен қатар, Маралды ауылында су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 15 км, оның ішінде 10км негізгі құбырлар, су құдықтардың саны 89 дана, оның ішінде 35 құдықта өрт қауіпсіздік гидранттары орнатылмақ.
- Су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды,насостық станция тұрғызылды, электр желілері тартылған. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылы жоспарлануда, - деп қосты аудан әкімі.
2023 жылы Күршім ауылындағы суқұбырларыжелісінқайтажаңғыртуға 920 млн. теңге бөлінеді.