KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 8 м/с, В
495.1 583.72 6.46

ШҚО-да жолдарды тазалауға жаңа техникалар алынды

8.01.2024, 17:01 252

Облыс орталығының жолдарын енді «Тұлпар» жаңа техникалары тазалайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біз «Таза Өскемен» КМК техникасын кезең-кезеңімен жаңартып отырмыз. Бүгінде тағы бес жаңа «Тұлпар» аралас жол машинасы алынды. Бұл техниканы жыл бойы қолдануға болады",-деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

«Таза Өскемен» КМК қызметкерлерінің ақпараты бойынша, сатып алынған техникалар Алматы қаласында жиналған аралас жол тазалау машинасы. 

- Бұл асфальтқа дейін қар мен мұзды сапалы тазартуға мүмкіндік беретін өте жылдам техника. Тағы бір ерекшелігі – арнайы құм сепкіші бар. Оған көктайғақты жоятын тұзды су ерітіндісі құйылады,-дейді «Таза Өскемен» КМК директоры Асхат Тәженов.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу