KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Қарды «жолбарыстар» күрейді – Өскемен

3.01.2023, 13:35 791 Оразай Жеңісұлы

 «Таза Өскемен» КМК-ның паркі жаңа техникамен толықты.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– «Жолбарыс» деген лақап аты бар бес бірдей жаңа техника алынды. Олардың ерекшелігі – әмбебаптығында. Қызметкерлер бұл машиналармен қыс мезгілінде қар күреп, құм сепсе, жазда жолдар мен аялдамаларды жуып-тазалап, жасыл желектерді суарады, – дейді қала әкімі.

Бір жыл бұрын кәсіпорын бес «барыс» сатып алғанын білеміз.

– Енді бізде 10 әмбебап машина бар. Жаңа техникалар қарды тезірек күреуге мүмкіндік береді, – дейді «Таза Өскемен» КМК басшысы Асхат Тәженов.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив