Қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды
Іздестіруге мамандандырылған қызметтердің ауыр жол техникасы қолданылды.
Полицияға хабарласқан облыс орталығы тұрғындарының бірі күйеуі мен оның досы 7 қаңтарда балық аулауға кеткенін, бірақ қайтар жолда ауа райының күрт бұзылуының салдарынан жолдан адасып, қалың қар құрсауында қалғанын айтқан, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығына қарамастан дереу іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары Күршім өткелінің жағалауын және балықшылар болуы мүмкін жерлерді қарап шықты, ал ауыр жол техникасы осы уақытта жолдың қажетті бағытын тазартты. Көлікпен бірге қар құрсауында қалған балықшылар сегіз сағат өткеннен кейін табылды. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.